
Биыл 5-ші рет ұйымдастырылған дәстүрлі «Лидер TopIQ – 2025» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Аталған байқау «Алматыкітап баспасының» қолдауымен өткізіліп, еліміздің білім беру саласындағы шығармашыл, жаңашыл ұстаздарды анықтауға бағытталған. Байқауға республика бойынша 10 000-нан астам мұғалім қатысып, 55 финалист іріктеліп алынды.
Олардың ішінде Павлодар облысынан бірнеше үздік ұстаздар мен әкімшілер финалға өтіп, жүлделі орындарға ие болды.
Павлодар облысының жеңімпаздары: Май ауданы, Көктөбе ЖОМ: Бейсекова Динара Мерболатовна – «Үздік ұстаз» номинациясы, 2 орын; Павлодар қаласы, Б.Момышұлы атындағы ЖОББМ мұғалімдері: Джакова Карлыгаш Суртаевна – «Үздік ұстаз» номинациясы, 1 орын; Тукенова Динара Кенесовна – «Белсенді әкімші» номинациясы, 1 орын; Амирова Сауле Балтабаевна – «Белсенді әкімші» номинациясы, 2 орын; Павлодар қаласы, А. Шамкенов атындағы лицей-мектебі: Рысбек Бахытхан – «Білімді Ер» номинациясы, 1 орын.
Ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері - Ныгишова Салтанат Маратовна Павлодар облысының TopIQ координаторы ретінде «Сенімді серіктес» номинациясы бойынша марапатталды.
Барлық жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Ұстаздардың жаңашыл әдістері мен цифрлық технологияларды тиімді пайдаланудағы тәжірибесі білім беру саласының дамуына үлкен үлес қосуда.