2026 жылғы 14 қарашада Астана қаласында «STEM Олимпиада – білім берудегі инновациялар» олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Зияткерлік сайыста Павлодар облысының атынан жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 16 команда қатысты.
Қатысушылар ғылым, инженерия, робототехника, бағдарламалау және заманауи технологиялар саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, инженерлік ойлау қабілетін, шығармашылық көзқарасын және командалық жұмыс дағдыларын танытты.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша Павлодар қаласының №29 ЖББОМ-нің ALIBAG командасы I орын иеленіп, олимпиаданың халықаралық кезеңіне жолдама алды.
Жеңімпаздан бөлек, Павлодар облысының тағы 10 командасы ағымдағы жылдың 21–22 қарашасында Астана қаласында өтетін халықаралық кезеңіне жолдама алды: PVL_14 — Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы; Визуализаторы — Ақсу қ. №7 ЖОББМ; INFINITY.exe — Ақсу қ. Ы. Алтынсарин ат. ЖОББМ; Quantum Drive — Ертіс ауданының №4 ЖОББМ; OILAN TEAM — Павлодар ауданының Заря ЖОББМ; Steel Minds — Павлодар қ. №2 ЖОББМ; Arasakka — Павлодар қ. №29 ЖОББМ; Code Alliance — Павлодар қ. №6 ЖОББМ; RoboStar — Павлодар қ. №48 ЖОББМ; Dotcome — Екібастұз қ. дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған мектеп-лицейі.
11 команданың халықаралық кезеңге жолдама алуы — Павлодар облысы үшін маңызды жетістік. Бұл оқушылардың жоғары әлеуетін, STEM-білім берудің дамуын және педагог-тәлімгерлердің нәтижелі еңбегін көрсетеді.
Қатысушылар мен олардың жетекшілерін құттықтаймыз! Халықаралық кезеңде сәтті өнер көрсетіп, жаңа жеңістерге жетулеріңізге тілектеспіз!