Павлодарлық оқушылар робототехника бойынша Орталық Азия ашық чемпионатының финалистері және номинанттары болып атанды

27.02.2024
Павлодарлық оқушылар робототехника бойынша Орталық Азия ашық чемпионатының финалистері және номинанттары болып атанды Павлодарлық оқушылар робототехника бойынша Орталық Азия ашық чемпионатының финалистері және номинанттары болып атанды

2024 жылғы 23-25 ақпанда Астана қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, БАӘ және Гонгонгтың 3000-нан астам үздік оқушыларының қатысуымен «Central Asia FIRST Championship» робототехника бойынша ең ірі чемпионат өтті.
Павлодар облысының намысын FIRST Lego League Challenge санатында (10 жастан 16 жасқа дейінгі балалар) 8 команда қорғады: «Robodrive8» командасы (дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицей), «Fixiefy» және «Affinity» командалары (дарынды қыздарға арналған “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицей-интернаты), «Smartkids» командасы (Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия), «Bayanaul» командасы (З.Ақышев атындағы ЖОББМ, Баянауыл ауданы), «Art wizards» командасы (Павлодар қаласының № 21 ЖОББМ), «Electro squad» командасы (Павлодар қаласының Ш. Шоқин атындағы ЖОББМ), «Roboheart» командасы (Павлодар қаласының №2 ЖОББМ).

LEGO League Explore санатында (6 жастан 10 жасқа дейінгі балалар) 2 команда өз өнердерін көрсетті: «Renaissance» командасы (Saturn Robotics school), «Billion team» командасы (RoboPark Ekibastuz). FLL Explore (6-10 жас) жас санаты бойынша жарыс қорытындысы бойынша Екібастұз қаласындағы Robopark мектебінің «Billion team» командасы екінші орынды, Павлодар қаласындағы Сатурн мектебінің «Renaissance» командасы (№27 ЖОББМ және А.Шамкенов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары) үшінші орынды иеленді.

First Lego League Challenge санатында Art wizards командасы (Павлодар қаласының №21 ЖОББМ) «Қырағы сұңқар» жобасын сапалы дайындағаны үшін кубокпен және «Motivation award» сертификатымен марапатталды. «Баянауыл» командасы (З. Ақышев атындағы ЖОББМ, Баянауыл ауданы) үздік әлеуметтік желі бағытында абсолютті чемпион атанып, роботпен ойында I орын алды.