
21-23 ақпанда Алматы қаласында «Almaty Tech Cup 2025» ірі халықаралық чемпионаты өтті, оған Қазақстан, Үндістан, Түркия, Моңғолия, Түрікменстан, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты 10 елден 3 000-нан астам жас инженерлер мен робототехниктер қатысты. Павлодар облысынан Павлодар және Екібастұз қалаларының, сондай-ақ Ақтоғай ауданының мектептерінен 13 команда қатысты.
First Lego League discovery (4-6 жас) санатында Екібастұз қаласының № 21 ресурстық орталығының «Октонавты» командасы «Builders of Tomorrow Award» номинациясын алды.
First Lego LEAGUE Explore (6-12 жас) санаты бойынша бүкіл республика мен жақын шетелден келген 50 команданың арасында «Сатурн» робототехника мектебінің «Atlantis» командасы (Жанаспаева Дария, Қасымов Данат, Гейер Элеонора және Бағдат Жанали) абсолютті чемпион атанды. Балалар биылғы жылдың сәуір айында АҚШ-та (Хьюстон қаласы) өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.
Осы санат бойынша екінші орынды Павлодар қаласының № 21 ЖОББМ «Су асты саяхатшылары» командасы иеленді. «Teamwork Award» номинациясын Павлодар қ. № 29 ЖОББМ-ның «Robobot» командасы алды, «Complexity and Decoration Award» номинациясын Екібастұз қаласының robokids робототехника мектебінің «AquaBrick» командасы жеңіп алды.
FIRST Lego LEAGUE Challenge (12-16 жас) санаты бойынша «Innovation Project Award» номинациясын облыстық дарынды балаларға арналған көпсалалы лицей-интернатының «Riffmakers» командасы, «Legendary Code Award» номинациясын Ы.Алтынсарин атындағы облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернатының «Altynsarin team» командасы жеңіп алды. «Respect and Inclusion Award» номинациясын Павлодар қаласының № 2 ЖОББМ «RoboHeart» командасы алса, «Best Uniform Award» және «Creative Mechanism Award» номинацияларын Ақтоғай ауданы Абай атындағы ЖОББМ-ның «SteelMind» командасы алды, сонымен бірге «Үздік маскот» арнайы сыйлығын жеңіп алып, ақшалай сертификат алды. Екібастұз қаласының robokids робототехника мектебінің «Billion team» командасы «Technical Excellence Award» номинациясын жеңіп алды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!