
2025 жылғы 25-26 қаңтарда Астана қаласында Haileybury Astana халықаралық мектебінде USTEM Foundation қорымен бірлесіп «Астана дарыны» орталығының қолдауымен First Astana Regional робототехника бойынша турнир өтті.
Жарысқа 800-ден астам қатысушы, соның ішінде мектеп оқушылары, жаттықтырушылар, мұғалімдер мен еріктілер қатысты.
Павлодар облысынан барлығы 11 команда қатысып, жоғары нәтижелерге ие болды.
FLL Challenge категориясында:
Ақтоғай ауданының Абай атындағы ЖОМ «SteelMind» командасы (ментор Қаирбек Қуаныш Қалаубекұлы) топ жарып бас жүлдеге ие болды.
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының «Алтынсарин team» (ментор Уалқан Еркебұлан Арманұлы), Екібастұз қаласының «Robo Kids» робототехника мектебінің «Billion team» (ментор Смагулова Асель Кайратовна) командалары финалист атанды.
FLL Explore категориясында:
Екібастұз қаласының «Robo Kids» робототехника мектебінің «Aqua Brick» (ментор Смагулова Асель Кайратовна) командасы финалист атанса, Павлодар қаласының № 21 ЖОМ «Подводные путешественники» (менторлар Блок Наталья Леонидовна, Кожаханова Анастасия Токтасыновна) командасы «BEST ENGINEERING BOOK» номинациясын алды, Павлодар қаласының «Сатурн» робототехника мектебінің «Atlantis» (ментор Ли Алексей Олегович) командасы осы категорияда 1-ші орынға ие болды.
FLL Discover категориясында:
Екібастұз қаласының №21 ресуртық орталығының «Октонавты» (ментор Ефимцева Елена Эдуардовна) командасы абсолютті чемпион атағын иеленді.
FLL Challenge категориясында:
«Axolotls» (менторлар Блок Наталья Леонидовна, Каирденова Назгуль Алдонгаровна) командасы «RISING ALL-STAR» және Дарынды қыз балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» мен Ақтоғай ауданының Абай атындағы ЖОМ TechnoMagic бірлескен командасы «Judges choice» (менторлар Надирхожаева Мафтуна Тахировна, Насырбек Ақтөре Бақытұлы, Қаирбек Қуаныш Қалаубекұлы) номинацияларымен марапатталды.
Жоғарыда аталған командалар 2025 жылдың 20-23 ақпаны аралығында Алматы қаласында өтетін Орталық Азияның «Almaty Tech Cup» чемпионатына жолдама алды.
Орталық Азияның «Almaty Tech Cup» чемпионатына қатысушыларға сәттілік тілеп, Хьюстондағы чемпионатқа жолдама алып, финалдық кезеңде лайықты өнер көрсетулерін тілейміз!