Ақтөбе облысының өкілдері тәжірибе алмасу мақсатында Павлодар облысына келді

11.09.2026
Ақтөбе облысының өкілдері тәжірибе алмасу мақсатында Павлодар облысына келді Ақтөбе облысының өкілдері тәжірибе алмасу мақсатында Павлодар облысына келді

Білім беру саласын цифрландыру бағытындағы тәжірибе алмасу және озық тәжірибелерді зерделеу мақсатында Ақтөбе облысының білім беру саласының өкілдері Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді.

Делегация құрамында Скакова Жемис Бердигалиевна, Ақтөбе облысы білім басқармасының Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының орынбасары және Сарсенбаева Алтынгул Айткалиевна, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі Гуманитарлық мамандықтар бөлімінің меңгерушісі болды.

Сапар аясында қонақтар «Павлодар облысының ақпараттық технологиялар орталығы» КММ-не және Павлодар облысы білім басқармасының Жоғары ақпараттық технологиялар колледжіне барды.