15 қараша күні Экибастұз қаласындағы «Самғау» балалар шығармашылық орталығында FIRST Kazakhstan 2025–2026 First AGE робототехника чемпионатының аймақтық іріктеу кезеңі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар:
— Павлодар облысы білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы;
— USTEM Robotics қоғамдық қоры;
— Экибастұз қаласындағы «Самғау» балалар шығармашылық орталығы.
Биыл чемпионатқа 28 команда, яғни 140 талантты қатысушы қатысты!
FIRST LEGO League Discover (4–6 жас)
1 орын — «Time Diggers», №21 ресурстық орталық, Экибастұз
2 орын — «Lego Star», №111 балабақша, Павлодар
FIRST LEGO League Explore (6–10 жас)
Чемпион — «Future Robotics», Ш. Шокин атындағы мектеп-гимназия, Павлодар
2 орын:
— «ALASH», «Сатурн» робототехника мектебі
— «Жаңа буын», №21 мектеп, Павлодар
3 орын:
— «LegoKigs», №21 мектеп, Павлодар
— «Paleonix Prime», №35 мектеп, Экибастұз
— «DinoPower», №35 мектеп, Экибастұз
FIRST LEGO League Challenge (10–16 жас)
Чемпион — «Bayanaul», Баянауыл ауданы
2 орын:
— «Art Wizards», №21 мектеп, Павлодар
— «Daryn», Абай атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мектеп
3 орын:
— «ROBOTER», Абай атындағы №2 мектеп, Экибастұз
— «Самғау», Қ. Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған гимназия
— «Uncharted», «Robo Kids» робототехника мектебі, Экибастұз
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!
Үздік командалар Астанада өтетін FIRST® Kazakhstan 2026 Азия чемпионатына жолдама алды.
Жас инженерлердің қолында — болашақ технологиялар!