«ONLINE мектеп» бойынша онлайн тренингі

20.04.2020
«ONLINE мектеп» бойынша онлайн тренингі «ONLINE мектеп» бойынша онлайн тренингі

Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы BilimMediaGroup компаниясымен бірлесе отырып ағымдағы жылдың 16-20 сәуірі аралығында «ONLINE мектеп» ресурсын қолдану бойынша онлайн тренингтер өткізді. Онлайн тренингте 800-ден астам мұғалімдер «ONLINE мектеп» ресурсының негізгі мүмкіндіктерімен танысты. Яғни:
*мұғалім белгілі бір тақырып бойынша өзінің тапсырмаларын беру мүмкіндігі (Word, Excel, PDF және т.б. файлдарды жүктеу арқылы);
*әр оқушының тапсырманы орындауын тексеру мүмкіндігі;
*оқушының видеотүсіндіруді көруді бастауын, жаттығуларды және тапсырмаларды орындауын бақылау мүмкіндігі;
*оқушының оқу үлгерімін бақылау – оқушы барлық жаттығулар мен тапсырмаларын қанша мүмкіндіктен кейін орындай алғанын;
*чат – оқушымен (мұғаліммен) жеке чат, белгілі бір пән бойынша ортақ чат.
«ONLINE мектеп» ресурсымен келесі сілтеме бойынша таныса аласыз https://bilimland.kz/ru