Bilimland, Onlinemektep платформасы және Zoom қолдану бойынша оқыту семинары

28.01.2022
Bilimland, Onlinemektep платформасы және Zoom қолдану бойынша оқыту семинары

2022 жылдың 24-27 қаңтар аралығында облыс білім басқармасының «Павлодар Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ «Bilimland» ЖШС бірлесіп Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының және дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің педагогтары үшін Bilimland, Onlinemektep және Zoom білім беру платформасын пайдалану бойынша қашықтықтан семинарлар өткізді.
Мұғалімдер назарына дәстүрлі және қашықтықтан оқытуда пайдалану үшін Bilimland, Online Мektep білім беру платформасының ресурстары ұсынылды, сондай-ақ ақпараттық технологиялар орталығының мамандары ZOOM қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстар берді. Семинарға мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын мектептерден 1300-ден астам педагог қатысты.