Тәжірибе алмасу

27.04.2020
Тәжірибе алмасу

Оқу процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану саласында облыс мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибелерін тарату мақсатында Ақпараттық технологиялар орталығымен ай сайын YouTube каналында вебинарлар ұйымдастырылады.
24 сәуір күні Баянауыл ауданы Майқайың № 1 ЖОМ тарих мұғалімі Баян Рахымжановна Шокина мен Ақсу қаласының №4 ОМ география мұғалімі Гүлназ Абикеновна Гросс өз тәжірибелерімен бөлісті.
Баян Рахымжановна тарих сабағында электронды оқулықтарды, интерактивті тақта құралдарын және тағы да басқа құралдарды тиімді пайдалануға болатынын айтты. Ал Гүлназ Алибековна  QR-кодтарын қалай құру және оларды география сабағында қалай қолдану керектігін көрсетті. Вебинарды https://www.youtube.com/watch?v=2SMXY_EqsD4 сілтемесі арқылы өтіп көре аласыздар.