
Құрметті педагогтар! Егер, Сіз, ақпараттық технологиялар саласына ғылыми-практикалық қызығушылық танытып, заманауи технологияларды меңгеруді жетілдіруге ұмтылсаңыз, инновациялық және шығармашылық IT-идеяларды қолдасаңыз, онда біздің қашықтық байқау Сіз үшін!
Сіздерді келесі бағыттар бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз:
- Жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын оқу-әдістемелік кешендер (Flash, Delphi және т.б. ортасында құрылған).
- 2. STEAM технологиясын қолдана отырып тапсырмалар жасауға арналған нұсқаулық.
- 3. Мектепке дейінгі ұйымдарда мультимедиялық қамтамасыз ету.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
- 2024 жылғы 30 қыркүйек пен 24 қазанға дейін - іріктеу кезеңі, сырттай өткізіледі.
- 2024 жылғы 1 қарашада - ақтық (финал) кезең оффлайн өткізіледі.
Әр кезеңнің нәтижелері Облыстық білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk) және ОАТО (https://pvlcit.edu.kz/) сайттарда жарияланады.
Қосымша ақпаратты ОАТО сайтынан https://pvlcit.edu.kz/ және 8(7182)625277 телефоны арқылы алуға болады.
"Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" облыстық конкурсы туралы ЕРЕЖЕ