«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» (ERTIS DIGITAL USTAZ) облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңі қорытындысы

21.10.2022
«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар»  (ERTIS DIGITAL USTAZ)    облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңі қорытындысы

           Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 11 қараша аралығында  «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты: облыс педагогтері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдерді қолдау.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру мекемелерінен 123 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан - 45 жоба, Ақсу қаласынан - 4, Екібастұз қаласынан - 12, Баянауыл ауданынан – 4, Железин ауданынан - 15, Ертіс ауданынан – 2, Май ауданынан - 4, Павлодар ауданынан - 1,  Аққулы ауданынан - 4, Тереңкөл ауданынан – 1, Успен ауданы – 1, Щарбақты ауданы – 9, Ақтоғай ауданы – 2, мамандандырылған мектептерден – 5, ТжКББ - 14). Екінші ақтық кезеңге 51 жоба іріктелініп алынды. 

  Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар 2022 жылғы 21-22 қараша күндері ақтық кезеңде өз  жобаларын қорғайды.

Жобаны қорғау online режимінде (Microsoft Teams арқылы бейнеконференция) өтеді. Қосылу сілтемелері алдын ала қатысушылардың электронды почталарына жіберіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының  дипломдарымен және бағалы  сыйлықтармен  марапатталады.

Конкурстың қорытындысы 2022 жылғы 25 қарашада білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk)  және ОАТО (http://pvlcit.kz/kz/) сайттарында  жарияланады.