«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалі

16.02.2026
«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалі «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалі

Облыс педагогтерін «Үздік интерактивті сабақ» атты қашықтан өткізілетін интернет-фестивальге қатысуға шақырамыз.

Фестивальдің мақсаты – ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы озық педагогикалық тәжірибені зерделеу және тарату, сондай-ақ интерактивті оқыту әдістерін белсенді қолданатын дарынды мұғалімдерді қолдау.

Өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау 2026 жылдың 23.0217.04. аралығында (сағат 18:00-ге дейін) жүргізіледі. Қатысуға облыстағы барлық білім беру ұйымдарының педагогтері жіберіледі. Тек жеке жұмыстар қабылданады, ұжымдық жобалар қарастырылмайды. Қатысушылар төмендегі бағыттардың бірі бойынша сабақ жоспарын және оған сәйкес интерактивті материалдарды ұсынуы тиіс:

  1. Жаратылыстану-математикалық пәндер.
  2. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер.
  3. Кәсіптік оқыту.
  4. Сыныптан тыс оқыту.

Өтінімдер мен жұмыстар электрондық түрде келесі сілтеме арқылы онлайн-формада қабылданады: https://clck.ru/3RqGeM немесе электрондық тасымалдағыштарда келесі мекенжай бойынша тапсыруға болады: Павлодар қ., Қайырбаев көшесі, 32, 108-кабинет.

Екінші кезеңге өткен барлық қатысушыларға атаулы сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар I, II және III дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша грамоталармен марапатталады.

Фестивальдің бұйрығы мен ережесі Білім беру басқармасыныңclck.ru/3RqPkK жәнеАқпараттық технологиялар ораталығы clck.ru/3RqQ2sсайттарында орналастырылған.