
Құрметті педагогтар, егер сіз Ақпараттық технологиялар саласына ғылыми-практикалық қызығушылық танытып, заманауи технологияларды меңгеруді жетілдіруге ұмтылсаңыз, инновациялық және шығармашылық IT-идеяларды қолдасаңыз, онда біздің қашықтық байқау Сіз үшін!
Сіздерді келесі бағыттар бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз:
- Оқу процесін бағдарламалық қамтамасыз ету (бағдарламалау тілін қолдану арқылы орындалған бағдарламалық-ақпараттық өнімдер).
- Жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын оқу-әдістемелік кешендер (Flash, Delphi ортасында жасалған және т.с.с.).
- Интерактивті сабақтар (бағыттары: жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, бастауыш оқыту).
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
- 2022 жылғы 26 қыркүйек пен 11 қарашаға дейін - іріктеу кезеңі, сырттай өткізіледі.
- 2022 жылғы 21-24 қараша аралығында - ақтық (финал) кезең, қашықтықтан өткізіледі.
Әр кезеңнің нәтижелері Облыстық білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk) және ОАТО (http://pvlcit.kz/kz/) сайттарда жарияланады.
Қосымша ақпаратты ОАТО сайтынан http://pvlcit.kz/kz/ және тел.: 8(7182) 625277 арқылы ала аласыздар.