«Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсы

24.09.2020
«Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсы

Құрметті ұстаздар, егер сіз Ақпараттық технологиялар саласына ғылыми және практикалық қызығушылығыңызды дамытып, инновациялық және шығармашылық IT-идеяларды ілгерілетсеңіз, онда біздің қашықтық конкурс Сіз үшін!
Сіздерді келесі бағыттар бойынша конкурсқа қатысуға шақырамыз:
1. Білім беру ұйымдарын басқарудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
2. Оқу процесін бағдарламалық қамтамсыз ету.
3. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданатын оқу-әдістемелік кешендер.
4. Білім беру ұйымдарының Web-сайттары.
5. Мобильдік қосымша.
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
- 2020 ж. 21 қыркүйектен 20 қарашаға дейін - іріктеу кезеңі, сырттай өткізіледі.
- 2020 ж. 23-27 қараша аралығында - ақтық (финал), қашықтан өткізіледі.
Әр кезеңнің нәтижелері Облыстық білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk) және ОАТО (http://pvlcit.kz)   сайттарында жарияланады.
Қосымша ақпаратты: http://pvlcit.kz/images/ikt2020.PDF және тел.:8 (7182) 625277 арқылы алуға болады.