Облыстық «YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша олимпиада Сіздерді күтуде!

10.02.2020
Облыстық «YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша олимпиада Сіздерді күтуде!

Егер Сіздер Scratch  ортасында және Free Pascal, С++, Python тілдерінде бағдарламалай алсаңыздар, сонымен қатар робот жинау және SketchUp модельдеу дағдыларығыз болса, онда біздің Олимпиада Сіздерге арналған!

Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы жалпы білім беру мен мамандандырылған мектептердің 5-9 сынып оқушыларын 2020 жылғы 1 сәуір күні өтетін облыстық «YOUNG PROGRAMMER» бағдарламалау бойынша олимпиадаға қатысуға шақырады.

Сіздерді 4 бағыт бойынша қызықты тапсырмалар күтеді:
-5-7 сынып оқушылары арасында Scratch ортасында бағдарламалау;
- 8-9 сынып оқушылары арасында Free Pascal, С++, Python тілдерінде бағдарламалау;
-5-9 сынып оқушылары арасында LEGO MINDSTORMS робототехникасы;
-7-9 сынып оқушылары арасында SketchUp 3D-модельдеу.
Мектептің әр командасынан әр бағытта тек бір оқушы ғана қатысады, командада төрт оқушы.

Өтінімдер 2020 жылғы 10 ақпан мен 13 наурыз аралығында қабылданады. Өтінімді беруге үлгеріңіздер, орын саны шектеулі!

Олимпиадаға қатысу үшін командаға өтінімді келесі сілтеме бойынша беру қажет https://forms.gle/Pehi3gqH7DUQwxAd7

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме http://pvlcit.kz/kz/a-b-yzmet-t-rleri/konkurstar  немесе 8-718-2-55-20-44 телефоны бойынша алуға болады.