Жаңа серіктестік

29.06.2023
Жаңа серіктестік

2023 жылдың 29 маусымында Ақпараттық технологиялар басқармасының «Павлодар облысының ақпараттандыруды дамыту орталығы» КММ мен Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ арасында меморандумға қол қойылды. Құжат орталықтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған.

Меморандум бірлескен іс-шараларды, тәжірибе алмасуды, сондай-ақ IT саласында жаңа жобаларды құруды көздейді. Бұл бастама аймақтың ақпараттық технологияларын дамытудың жаңа кезеңі болады.