
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021жылғы 22 – 29 қараша күні облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдері қолдау мақсатында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының екінші кезеңін өткізді. Байқау қорытындысы 2021 жылдың 30 қарашасында білім басқармасы мен АТО сайттарында жарияланды.
Конкурс 3 бағыт бойынша өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 9 жобаның авторлары жеңімпаз атанды.
Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.