
Білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығы, 2024 жылғы 11 қараша күні «Алтын сақа» шығармашылық инновациялық орталығының базасында, облыс педагогтары арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдері қолдау мақсатында «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық конкурсының екінші ақтық кезеңін өткізді.
Облыстық конкурстың екінші ақтық кезеңіне өткен 41 жұмыстың авторы 3 бағыт бойынша бақ сынады. Қазылар алқасының құрамында Павлодар педагогикалық университетінің «Информатика» білім беру бағдарламасының жетекшісі, Павлодар облысы білім беруді дамытудың инновациялық орталығының әдіскері, Б. Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің информатика пәнінің оқытушысы және Ақпараттық технологиялар орталығының мамандары болды.
Конкурс қорытындысы бойынша 9 қатысушы жеңімпаз атанды, 9 қатысушы Білім беру басқармасының мадақтамасымен марапатталды.
І дәрежелі дипломмен, Алевтина Михайловна Гурина, Павлодар қ. № 39 инновациялық үлгідегі гимназия сыныптары бар ЖОМ; Жанара Есеновна Жергасинова, Павлодар қ. №126 балабақшасы; Айнур Алтынсариновна Сыздыкова, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназиясы, марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломды, Нургуль Замашовна Бабаева, Екібастұз қ. №7мектеп-гимназиясы; Серик Торанович Шахметов, Динара Темирбаевна Байтлесова, Павлодар технологиялық колледжі;
Алтын Сериковна Байбакирова Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы, иеленді.
ІІІ дәрежелі дипломға,
Мурат Серикгул, Ақсу қ. Абай ат. ЖОМ; Жанар Канаткызы Рахимтаева, Асемгуль Рахымовна Семеева, Динара Акановна Сейсембаева, Баянауыл ауд. Ш. Шөкин ат. №2 ЖОМ; Камила Кабылмажитовна Багаева, Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназия, ие болды.
Номинациялар бойынша Білім беру басқармасының мадақтамасымен келесі педагогтар марапатталады:
«Шығармашыл» номинациясы
Мөлдір Абзалқызы Жансағын, Дания Темирболатовна Алибекова, Үмбетәлі Жалғасұлы Райымбай Баянауыл ауд. М. Әуезов ат. ЖОМ; Алия Токеновна Уаисова Павлодар қ. №30 ЖОМ; Жанбота Асылбек, Жадыра Суюндикова Павлодар ауд. Заря ЖОМ
«Үміткер» номинациясы
Айнұр Сапарбайқызы Қалдыбаева Павлодар қ. дарынды балаларға арналған №3 гимназия; Жадыра Сатпекқызы Мерген, Жания Ерболатқызы Жанбай, Нұрлы Маратқызы Қоныс Павлодар қ. облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернат, Гульназ Шарамазанкызы Сарсенбекова, Гарифа Егинбаевна Музапарова, Нұргүл Хасенқызы Әшім, Баянауыл ауд. Ш. Шөкин ат. №2 ЖОМ.
«Талпыныс» номинациясы
Әйгерім Жанболатқызы Базарханова, Аққулы ауданы Тлектес ЖОМ; Кымбат Еркеновна Омарова, Ақсу қ. № 8 ОМ; Илона Руслановна Бральгина, Камила Айбековна Филиппова, Ақсу қаласының мектеп-лицейі.
Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
"Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" облыстық клнкурсының қорытынды хаттамасы