Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері

27.11.2020
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланушылардың үздіктері

2020 жылғы 23-27 қараша аралығында облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдері қолдау мақсатында білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы «Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының ақтық кезеңін өткізді.
Облыстық конкурсқа ұсынылған 40 жобаның ішінен (Павлодар қаласынан 4, Ақсу қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 3, Ақтоғай ауданынан – 1, Баянауыл ауданынан – 2, Железин ауданынан - 7, Ертіс ауданынан – 1, Май ауданынан - 6, Павлодар ауданынан -2,  Аққулы ауданынан - 2, Тереңкөл ауданынан – 1, Успен ауданы – 1, Шарбақты ауданынан – 2, мамандандырылған мектептерден – 7) 26 жұмыс ақтық кезеңге өтті.
Конкурс 5 бағыт бойынша өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 15 жобаның авторлары жеңімпаз атанды.
І дәрежелі диплом иегерлері Шарбақты ауданының гимназия сыныбы бар ОЖББМ мұғалімі  Марина Николаевна Лось, Железин ауданының №2 ЖОББМ мұғалімі Екатерина Николаевна Дерунова, Павлодар қаласының №17 ЖОББМ мұғалімі Махаббат Қасенқызы Ибраим,  Павлодар қаласының №19 ЖОББМ мұғалімі Алмас Сансызбаевич Серикбаев және де Облыстық көпсалалы лицей-интернаты атанды.
ІІ дәрежелі дипломды Аққулы ауданының Тілектес ЖОББМ мұғалімі Әйгерім Жанболатқызы Базарханова, Баянауыл ауданының №1 Майқайың  ЖОББМ мұғалімі Жанар Болатовна Алибекова, Ертіс ауданының №4 ЖОББМ мұғалімдері Канат Агыбаевич Сматаев, Акку Клышбековна Сматаева, Алмагуль Агыбаевна Дусюнбаева, Павлодар ауданының Чернорецк №2 ЖОББМ мұғалімі Рагина Каирбаевна Аленова және де Тереңкөл ауданының Песчан №1 ЖОББМ иеленді.
ІІІ дәрежелі дипломға Железин ауданының Т.П. Праслов ат. Прииртышск ЖББОМ мұғалімі Мария Николаевна Лизунова, Баянауыл ауданының Үшқұлын ЖНББМ мұғалімі Райхан Бекбосыновна Смекенова, Облыстық көпсалалы лицей-интернатының мұғалімдері Алишер Асенович Асамбаев, Ксения Андреевна Куропаткина,  Асандияр Асетулы Даулеткали,  Шарбақты ауданының Орлов ЖОББМ мұғалімі Марина Викторовна Шевченко, Май ауданының Көктөбе ЖОББМ мұғалімі Динара Мерболатовна Бейсекова ие болды.
Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздары білім беру басқармасының Дипломдарымен және құңды сыйлықтармен марапатталды.
Сонымен қатар, Білім беру басқармасының грамоталарымен келесі номинациялар бойынша жобалар белгіленді:
«Әдіскер мұғалім» - Екібастұз қаласының №13 ЖОББМ мұғалімі Светлана Николаевна Николаенко мен Май ауданының Қазан ЖОББМ мұғалімі Гульдана Қазболатовна Темиржанова.
«Жаңашыл мұғалім» - Ақтоғай ауданының Абай ат. ЖОББМ мұғалімі Раимбек Темирболатулы Алимов пен Павлодар ауданының Преснов ЖОББМ мұғалімі Анна Владимировна Лучкина.
«Бағдарламашы мұғалім» - Облыстық көп салалы лицей-интернатының мұғалімдері Светлана Николаевна Загорулько, Мадина Николаевна Сагитова, Бибинур Олжановна Аденова мен Ы.Алтынсарин атындағы қазақ гимназия-интернатының мұғалімдері Даметкен Камариденовна Кенжебаева, Майра Багадатовна Касыбаева, Айсана Қайратқызы Қайрат.
«Үздік интерактивті құрал» - Облыстық көп салалы лицей-интернатының мұғалімдері Бауыржан Бисембаевич Сейталиев, Бакыт Алдангоровна Кожахметова, Ержан Нурланович Дауенов пен Железин ауданының № 3 ЖОББМ мұғалімдері Диана Муратовна Кубенова, Бибинур Ержановна Джаксыбекова.
«Зерттеуші мүғалім» - Екібастұз қаласының №1 «Ромашка» бөбектер бақшасы даму орталығының педагогы Татьяна Николаевна Владимирова мен Аққулы ауданының Малыбай ЖОББМ мұғалімі Айтмукан Бекбулатулы Айгожин.