
2025 жылғы 26-28 мамыр аралығында Астана қаласында "Спорттық бағдарламалау федерациясы" Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған "CPFED Uzdik IT Ustaz" республикалық турнирінің қорытынды кезеңі өтті.
Бұл интеллектуалды жарыс, елдің түкпір-түкпірінен келген ең жақсы информатика мұғалімдерін біріктірді, тек білім беру ғана емес, цифрлық болашаққа деген қызығушылықты ояту идеясымен шабыттандырды.
Павлодар облысының намысын, лайықты ұстаздар — өз ісінің нағыз шеберлері абыроймен қорғады.
"Uzdik IT Ustaz" атағын — турнир жеңімпазы, ең жоғары балл жинаған және кәсіби шеберліктің шыңын бағындырған дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің мұғалімі Светлана Геннадьевна Васина иеленді.
Турнирдің III орын алған жүлдегерлері:
Илья Олегович Поляков, С. Торайғыров ат. ЖОМ мұғалімі, Кайрат Идрисович Солтаналинов, дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің мұғалімі.
Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Әрбір жетістік жаңа көкжиектерге қадам болсын, ал білімге деген ұмтылыс пен шабыт ешқашан таусылмасын.