«CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің қорытындысы

04.04.2025
«CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің қорытындысы

2025 жылғы 20 наурызда  «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы» КММ бірлесіп ұйымдастырған «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің 2-кезеңінің негізгі бөлімі өтті. Аталған турнирге Павлодар, Екібастұз қалаларының және Успен ауданының мұғалімдері қатысты.

«Uzdik IT Ustaz» атағын турнирдің ең жоғары балын жинаған, Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің мұғалімдері Кайрат Идрисович Солтаналинов  пен Светлана Геннадьевна Васина алды.

Турнирдің жүлдегерлері: ІІ орын алған - Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы ЖОББМ  мұғалімі Илья Олегович Поляков, Екібастұз қаласының № 23 ЖОББМ мұғалімі Сарсекенова Людмила Александровна, Павлодар қаласының №35 ЖОББМ мұғалімі Айбек Камиль; ІІІ орын алған - Екібастұз қаласының № 36 лицей-мектебінің мұғалімі Сункарбекова Асемгуль Аскаровна, Успен ауданының М.Әуезов атындағы ЖОББМ мұғалімі Александр Юрьевич Волочаев, Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы ЖОББМ  мұғалімі Анна Александровна Матюшева.

Үздік мұғалімдерді шын жүректен құттықтаймыз, турнирдің барлық қатысушыларына болашақта үлкен жеңістерге жетуді тілейміз!