
2024 жылдың 30 қарашада Павлодар қаласының Ж. Ташенов ат. мектебінде FIRST Kazakhstan 2024-2025 FIRST DIVE Маусымы робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың өңірлік іріктеу кезеңі өтті.
Ұйымдастырушылар: Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы, «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы, «USTEM Robotics» робототехниканы дамыту қоғамдық қоры, «Робототехниканы дамыту Федерациясы» қоғамдық қоры.
Чемпионат үш санат бойынша ұйымдастырылды:
- LEGO League Discover (4-6 жас аралығында, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден туратын команда);
- LEGO League Explore (6 жастан 10 жасқа дейін, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден тұратын команда);
- LEGO League Challenge (10 жастан 16 жасқа дейін, 2-ден 8-ге дейін топ мүшеден тұратын команда).
Чемпионатқа 135 қатысушыдан тұратын 25 команда қатысты. Павлодар қ.-13; Екібастұз қ. - 5; Ақтоғай ауданы - 2; мамандандырылған мектептері – 5 команда қатысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша ең мықты командалар Павлодар облыстық білім беру басқармасының сертификаттарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.
- FIRST LEGO League Discover (4-6 жас аралығында, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден туратын команда) санаты бойынша:
«Incredible Innovators» номинациясы – АкваРоббы, Павлодар қ., №42 мектепке дейінгі гимназия;
«Excellent Explainers» номинациясы – Аква-Гении, Павлодар қ., “Saturn” робототехника мектебі;
«LEGO League Discover» санаты бойынша іріктеу кезеңінің Финалисті - «Champions Award Finalist», «Подводные строители» командасы, Павлодар қ., №111 сәбилер бақшасы.
«LEGO League Discover» санаты бойынша іріктеу кезеңінің «Champions Award Winner» Чемпионы «Октонавты» командасы, Екібастұз қ., МКҚК «№21 ресурстық орталығы».
- LEGO League Explore (6 жастан 10 жасқа дейін, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден тұратын команда) санаты бойынша:
«Brightest Presentation Award» номинациясы – BM_team, Павлодар қ., Б. Момышұлы ат. ЖОМ;
«Against All Odds Award» номинациясы – RoboHeart junior, Павлодар қ., №2 ЖОМ;
«High Programming Award» номинациясы – Подводные путешественники, Павлодар қ., №21 ЖОМ;
«Gracious professionalism Award» номинациясы - Billion team, Екібастұз қ., “Robo Kids” робототехника мектебі;
«Inspired and Crerative Award» номинациясы – CyberKids, Ақтоғай ауд., Абай ат. ЖОМ;
«LEGO League Explore» санаты бойынша іріктеу кезеңінің «Champions Award Finalist» Финалисті - «Robobot» командасы, Павлодар қ., №29 ЖОМ.
«LEGO League Explore» санаты бойынша іріктеу кезеңінің «Champions Award Winner» Чемпионы - «Atlantis» командасы, Павлодар қ., “Saturn” робототехника мектебі.
- Lego League Challenge санатында (10-16 жас, 2-8 мүшеден тұратын команда) келесі командалар марапатталды:
«Motivate Award» номинациясы – EcoPulse, Павлодар қ., №25 ЖОМ;
«Rising-All Star Award» номинациясы – Underwater mechanic's, Павлодар қ., “Saturn” робототехника мектебі;
«Breakthrough Award» номинациясы – AXSOLOTL, Павлодар қ., №21 ЖОМ;
«Engineering Skills Award» номинациясы – Altynsarin team, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернаты;
«Robot Performance Award» номинациясы – Электроник, Екібастұз қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 лицей-мектебі;
«Robot Design Award» номинациясы – SteelMind, Ақтоғай ауд., Абай ат. ЖОМ;
«Innovation Project Award» номинациясы – Самғау, Қ.Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы;
«Core Values Award» номинациясы - NanoRay, Дарынды қыз балаларға арналған "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты;
«Coach/Mentor Award» номинациясы – RoboHeart, Павлодар қ., №2 ЖОМ;
«LEGO League Challenge» санаты бойынша іріктеу кезеңінің «Champions Award Finalist», Финалисті - « Roboter» командасы, Екібастұз қ., А.Құнанбаев атындағы №2 ЖОМ.
«LEGO League Challenge» санаты бойынша іріктеу кезеңінің «Champions Award Winner», Чемпионы «Billion team» командасы, Екібастұз қ., «Robo Kids» робототехника мектебі.
Чемпионат қорытындысы бойынша әр бағыттағы 2 команда (финалист және чемпион) "FIRST® Kazakhstan 2024" республикалық чемпионатына жолдама алды.