«Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы

02.03.2022
«Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы

«Жаңашыл мұғалім 2021–2022» байқауының мақсаты – педагогтердің білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға қосқан үлесін тану және тарату. Биылғы оқу жылында байқау 4 аталым бойынша өткізіліп отыр.

Тәуелсіз сараптама комиссиясының бағалауы бойынша, екінші кезеңге өткен қатысушылар анықталды. Сарапшылар жұмыстың әдістемелік сауаттылығын, сапалы безендірілуін және авторлық идеяның бірегейлігін ескерді.

Біз байқауға қатысқан педагогтер мен тәрбиешілердің бәріне алғыс айтамыз. Төмендегі тізімде көрсетілген қатысушыларды екінші кезеңге өтуімен құттықтаймыз.

Байқаудың екінші кезеңі 2022 жылғы 3 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталады.

Екінші кезеңге қатысушылардың бәріне шығармашылық табыс тілейміз және екінші кезеңге қатысатын жұмыстарын күтеміз!