«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңі қорытындысы

23.11.2021
«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңі қорытындысы

Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2021 жылғы 27 қыркүйек пен 20 қараша аралығында «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты: облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдерді қолдау.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру мекемелерінен 39 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан 5 жоба, Ақсу қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 2, Баянауыл ауданынан – 2, Железин ауданынан - 5, Ертіс ауданынан – 1, Май ауданынан - 2, Павлодар ауданынан -1, Аққулы ауданынан - 1, Тереңкөл ауданынан – 1, Успен ауданы – 1, мамандандырылған мектептерден – 6, ТжКББ - 11 ). Екінші ақтық кезеңге 24 жоба іріктелініп алынды.

Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар 2021 жылғы 22-29 қараша күндері ақтық кезеңде өз жобаларын қорғайды.

Жобаны қорғау online режимі (бейнеконференция) түрінде өтеді. Қосылу сілтемелері алдын ала қатысушылардың электронды почталарына жіберіледі.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

Конкурстың қорытындысы 2021 жылғы 30 қарашада білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk) және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында жарияланады.