«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсы іріктеу кезеңінің қорытындысы

20.11.2020
«Білім берудегі ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсы іріктеу кезеңінің қорытындысы

Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2020 жылғы 21 қыркүйек пен 20 қараша аралығында  «Білім берудегі ақпараттық - коммуникациялық технологиялар» облыстық қашықтық конкурсының іріктеу кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты: облыс мұғалімдері арасында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласына деген ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарын дамыту, инновациялық және шығармашылық ақпараттық идеяларды, талантты мұғалімдер мен оқушыларды қолдау.
Облыстық конкурсқа облыстың 13 ауданынан, 3 мамандандырылған мектебінен 40 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан 4 жоба, Ақсу қаласынан - 1, Екібастұз қаласынан - 3, Ақтоғай ауданынан – 1, Баянауыл ауданынан – 2, Железин ауданынан - 7, Ертіс ауданынан – 1, Май ауданынан - 6, Павлодар ауданынан -2,  Аққулы ауданынан - 2, Тереңкөл ауданынан – 1, Успен ауданы – 1, Шарбақты ауданынан – 2, мамандандырылған мектептерден – 7). Екінші ақтық кезеңге 26 жоба іріктелініп алынды.  
Іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар 2020 жылғы 23-27 қараша күндері ақтық кезеңде өз  жобаларын қорғайды.
Жобаны қорғау online режимінде (бейнеконференция) түрінде өтеді. Қосылу сілтемелері алдын ала қатысушылардың электронды почталарына жіберіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер білім беру басқармасының  дипломдарымен және бағалы  сыйлықтарымен  марапатталады.
Конкурстың қорытындысы 2020 жылғы 27 қарашада білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu?lang=kk)  және ОАТО (http://pvlcit.kz) сайттарында  жарияланады.