
2024 жылғы 18 наурызда Павлодар облысы білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы ұйымдастырған 5-9 сынып оқушылары арасында бағдарламалау бойынша облыстық олимпиаданың I кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық мәдениетін дамыту мен есептеуіш ғылым, компьютерлік бағдарламалау және ақпараттық технологиялар саласында дарынды жастарды анықтау болып табылады.
Олимпиаданың І іріктеу кезеңіне облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 5-9 сыныптарынан 164 оқушысы қатысты.
2024 жылғы 19 наурызда қазылар алқасы І кезең қатысушыларының орындаған тапсырмаларын қарастырып, бағалады.
ІІ кезеңге 62 оқушы, оның ішінде 5-7 сыныптың 28 оқушысы, ал 8-9 сыныптың 34 оқушысы өтті (Павлодар қ. – 22, Екібастұз қ. – 10, Ақтоғай ауданы – 1, Баянауыл ауданы – 1, Павлодар ауданы – 4, мамандандырылған мектептер - 24 оқушы).
Олимпиаданың ІІ кезеңі 2024 жылғы 27 наурыз күні Павлодар қаласының «С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» ММ өтеді.