Ағылшын тілі сабағында АКТ қолдану

19.02.2020
Ағылшын тілі сабағында АКТ қолдану

Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қалай тиімді пайдалануға болады? Бұл сұраққа бүгін онлайн режимде ағылшын тілі мұғалімдері Қуан Нұржайна мен Илона Руслановна Бральгина жауап берді. Олар оқытуда жиі қолданылатын АКТ түрлерімен және оқушылардың ынталану деңгейін арттыру үшін оларды қолдану мүмкіндіктерін қарастырып, таныстырды.
Қазіргі уақытта ағылшын тілінде еркін сөйлесе білу өте өзекті болып отыр, алайда мұғалім білім алушылардың жеткілікті дәрежеде ынталары жоқтығы сияқты мәселемен кездеседі.
АКТ–ын қолдану оқушылардың ынта дәрежесінің жеткіліксіздігі мәселесін оңтайлы және қолжетімді шешеді.
Педагогтар сабақ жоспарын жоспарлау және тіл үйренуді жетілдіру кезінде мұғалімдерге көмек көрсету үшін түрлі, сондай-ақ тиімді интернет-ресурстар тізімін ұсынды.
Вебинардың жазбасын сілтеме арқылы өтіп көре аласыз https://www.youtube.com/watch?v=OTM7fuDDJ2s