Оқытушыларға арналған жасанды интеллект құралы

05.02.2024
Оқытушыларға арналған жасанды интеллект құралы Оқытушыларға арналған жасанды интеллект құралы

Ақпараттық технологиялар орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Анар Талаповна Акишпаева және орталық әдіскері Салтанат Маратовна Ныгишова, 2024 жылғы 5 ақпан күні, Павлодар қаласының № 41 жалпы орта білім беретін бейінді мектеп әкімшілігінің шақыруымен педагогтер кеңесіне қатысты.

Қызметкерлер педагогтер алдында «Оқытушыларға арналған жасанды интеллект құралдары» тақырыбында баяндама жасап, мұғалімдерді magicschool.ai веб-сайты арқылы генеративті жасанды интеллект құралының мүмкіндіктерімен таныстырды.