«ҮЗДІК ӘДІСКЕР – 2025» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА III ОРЫН!

22.08.2025
«ҮЗДІК ӘДІСКЕР – 2025» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНДА III ОРЫН!

Ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Акишпаева Анар Талапқызы «Үздік әдіскер – 2025» облыстық байқауында III орынға ие болды! Бұл байқау – кәсіби шеберлік, әдістемелік жаңашылдық пен шығармашылық ізденістің нағыз алаңына айналды.

Анар Талапқызын осы үлкен жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оның еңбекқорлығы, жаңашылдығы және өз ісіне деген адалдығы – әріптестерге үлгі. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен шабыт тілейміз!