
2025 жылы 21 тамызда Қазақстан халқының тілдері күніне орай Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастамасымен тілдер айлығы шеңберінде «Колос» мәдени ойын-сауық орталығында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және халыққа қызмет көрсету салаларының қызметшілерін ынталандыру мақсатында Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсету» атты облыстық конкурсы өткізілді.
Конкурсқа қызмет көрсету саласының өкілдерінен құралған 5 команда қатысты.
Біздің Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлерінің атынан «IT әлемі - қазақ тілінде» командасы қатысып жүлделі ІІ орынға лайықты деп танылды.