«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестиваліне қатысуға шақырамыз

13.03.2024
«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестиваліне қатысуға шақырамыз

Құрметті педагог! 

Егер Сіз сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдаланып, креативті және шығармашыл идеяларға толы болсаңыз «Үздік интерактивті сабақ» атты педагогикалық идеялардың Интернет-фестиваліне (бұдан әрі — Фестиваль) қатысуға шақырамыз.

Фестиваль жыл сайын интерактивті жабдықтарды білім беру үдерісінде қолдану  аясында педагогтардың кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды оқытушылардың үздік  іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету  мақсатында Павлодар облысы білім беру басқармасы мен Облыстық  ақпараттық технологиялар орталығымен өткізіледі.

Фестивальге, облыстық, республикалық конкурстарда соңғы 3 жылда жүлделі орын (1,2 орындар) алған педагогтардан басқа, Павлодар облысы білім беру ұйымдарының барлық педагогтары қатыса алады. Сондай ақ жеңімпаздар, педагогтармен бірлескен авторлықта жұмыс ұсына алмайды!

Фестиваль 2024 жылғы 18 наурыз бен 24 мамыр аралығында өткізіледі.

Әдістемелік және техникалық талаптарға сай рәсімделген өтінімдер мен жұмыстар 2024 жылғы 18 наурыз бен 20 сәуір аралығында  Ұйымдастыру комитетінің, Павлодар қ. Қайырбаев көшесі, 32 үй, (108, 113 кабинеттер) мекен-жайы бойынша (жұмыстар электрондық тасығыштарда (CD, DVD)) немесе https://forms.gle/yqy98hfk21omgebKA сілтемесі бойынша қабылданады (өтінімдер мен жұмыстарды қабылдау
2024 жылғы 20.04. сағат 18.00-де тоқтатылады).

Қосымша ақпарат 62-52-77, 62-78-62 телефоны және cit_pavlodar инстаграм парақшасында.

 «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялар облыстық интернет–фестивалінің ережесі