
2024 жылғы 1 ақпанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында (Павлодар қ., Ломов көшесі, 38) FIRST® Kazakhstan 2024 (FIRST IN SHOW 2023-2024 маусым) робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың өңірлік іріктеу кезеңін өтеді.
Өңірлік кезең екі санат бойынша ұйымдастырылады:
- LEGO League Explore (6 жастан 10 жасқа дейін, 2-ден 4-ке дейін топ мүшеден тұратын команда);
- LEGO League Challenge (10 жастан 16 жасқа дейін, 2-ден 8-ге дейін топ мүшеден тұратын команда).
Чемпионатқа өтінімдер ағымдағы жылдың 29 қаңтарына дейін citdopvl@yandex.kz электрондық мекенжай бойынша қабылданады.
Ұйымдастуршылар:
- Павлодар облысы білім беру басқармасының Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы;
- Павлодар облысы білім беру басқармасының «Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы;
- «USTEM Robotics» робототехниканы дамыту қоғамдық қоры;
- Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму бақармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы»;
- «Робототехниканы дамыту Федерациясы» қоғамдық қоры