Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2026 жылғы 23 ақпан мен 22 мамыр аралығында «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалінің іріктеу кезеңін өткізді.
Конкурстың мақсаты: интерактивті білім беру әдістерін қолданатын педагогтердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды мұғалімдердің үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету.
Облыстық конкурсқа облыстың білім беру мекемелерінен 291 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан - 77 жұмыс, Екібастұз қаласынан - 21, Ақсу қаласынан - 14, Ақтоғай ауданынан – 8, Баянауыл ауданынан – 6, Железин ауданынан - 16, Ертіс ауданынан - 9, Май ауданынан - 15, Павлодар ауданынан -13, Аққулы ауданынан – 3, Тереңкөл ауданынан – 8, Успен ауданы – 3, Шарбақты ауданынан – 17, мамандандырылған мектептерден – 24, ТжКББ - 57). Ақтық кезеңде 144 жұмыс қарастырылды.
Жеңімпаздар білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Фестиваль қорытындысы білім беру басқармасының (https://surl.lu/hktitk) және ОАТО ( https://surl.li/ukdhyy ) сайттарында жарияланады.