«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалінің ақтық кезеңі

23.05.2025
«Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалінің ақтық кезеңі

Білім беру басқармасының ақпараттық технологиялар орталығы 2025 жылғы 24 ақпан мен 23 мамыр аралығында «Үздік интерактивті сабақ» педагогикалық идеялардың облыстық интернет-фестивалінің   іріктеу кезеңін өткізді.

Конкурстың мақсаты: интерактивті білім беру әдістерін қолданатын педагогтердің кәсіби шеберліктерін жетілдіру, белсенді және дарынды мұғалімдердің үздік іс-тәжірибелерін жинақтау және тарату, оларға қолдау көрсету.

Облыстық конкурсқа облыстың білім беру мекемелерінен 198 жұмыс ұсынылды (Павлодар қаласынан - 60 жұмыс, Екібастұз қаласынан - 23, Ақсу қаласынан - 16, Ақтоғай ауданынан – 9, Баянауыл ауданынан – 12, Железин ауданынан - 12, Ертіс ауданынан - 10, Май ауданынан - 4, Павлодар ауданынан -7,  Аққулы ауданынан – 1, Тереңкөл ауданынан – 5, Успен ауданы – 1, Шарбақты ауданынан – 10, мамандандырылған мектептерден – 10, арнайы мектептер – 1, ТжКББ - 17). Ақтық кезеңде 121 жұмыс қарастырылды. Жеңімпаздар білім беру басқармасының  I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Фестиваль қорытындысы білім беру басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/documents/details/846840?lang=ru)  және ОАТО (https://pvlcit.edu.kz/deyatelnost-imo/konkursyi/itogi/protokol-zasedaniya-zhyuri-oblastnogo-internet-festivalya-pedagogicheskix-idej-luchshij-interaktivnyij-urok.html) сайттарында  жарияланады.