Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Цифрландыру күніне Республикалық Хакатонның ашылу салтанаты

07.11.2024
Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Цифрландыру күніне Республикалық Хакатонның ашылу салтанаты

Бүгін Ақпараттық технологиялар колледжінде басталған Республикалық хакатонда 20 команданың 100-ге жуық қатысушысы 3 миллион теңге жүлде қорын сарапқа салуда.

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Цифрландыру күніне арналған шараны облыстық білім беру басқармасы ақпараттық технологиялар колледж  қабырғасында өткізіп жатыр.

Таңертең іс-шараның салтанатты ашылуы өтті. Астана, Алматы, Маңғыстау, Семей, Степногорск, Қостанай, Атырау, Щучье, Кентау, Шымкент қалаларынан келген қонақтар мен қатысушылар алдында білім беру басқармасының басшысы Самал Айтказина сөз сөйледі. Ол командаларға әділ күрес пен лайықты жеңіс тіледі.

Қатысушылар, оқушылар мен студенттер, хакатон тапсырмаларын орындауға кірісті. Оларға білім берудегі өзекті мәселелерді шешу үшін жасанды интеллектті пайдалануға бағытталған ақпараттық жүйе, мобильді қосымша және әкімші панелін әзірлеу ұсынылды.

Осы уақытта команда өкілдеріне біздің IT хабымызға экскурсия өткізіліп, серіктестер тренингтер ұйымдастырды. «GERON» орталығы – жасанды интеллект тақырыбында, «SOLID GROUP» ЖШС – виртуалды шындық бойынша өткізді. Ал «Троя» компаниясы өз өндірісі туралы айтып, қонақтарға сыйлықтар дайындады.

Ертең түскі асқа дейін командалар өз жобаларын тәуелсіз қазылар алқасына ұсынады, түскі астан кейін жеңімпаздар анықталады. Жаңалықтардан қалыс қалмаңыздар!