BilimClass: тәжірибе мен тиімділікке бағытталған семинар

30.09.2026
BilimClass: тәжірибе мен тиімділікке бағытталған семинар BilimClass: тәжірибе мен тиімділікке бағытталған семинар

Аудандық білім беру бөлімдерінің сұранысы бойынша, Ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 29–30 қыркүйек күндері Ақсу қаласы, Павлодар және Аққулы аудандарында BilimClass ақпараттық жүйесі бойынша көшпелі оқыту семинарлары өткізілді.

Екі күндік семинарға Астана қаласынан арнайы келген BilimClass бөлімінің оқыту маманы Айбек Бағдатұлы Қуат және Павлодар қаласының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшы орынбасары Бибигуль Калиардановна Казтаевақатысты.

Семинар барысында педагогтерге BilimClass электрондық журналы мен білім беру экожүйесінің мүмкіндіктері таныстырылып, жүйемен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері көрсетілді. Қатысушылар күнделікті тәжірибесінде туындайтын өзекті сұрақтарын қойып, нақты жағдайлар бойынша маманнан практикалық кеңестер алды.

Сондай-ақ қатысушылар цифрлық ақпараттық технологияларды қолдануға қатысты өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, Бибигуль Калиардановна Казтаеваның кәсіби кеңесін алуға мүмкіндік алды.

Екі күндік оқыту педагогтер үшін пайдалы тәжірибе алмасу алаңына айналып, цифрлық құралдарды білім беру үдерісінде тиімді қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.

BilimClass – білім беру үдерістерін цифрландыруға және педагогтердің жұмысын жүйелеуге мүмкіндік беретін заманауи цифрлық білім беру платформасы.