BMG компаниясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 3-4 қараша аралығында «XXI ғасыр педагогикасы: функционалдық және цифрлық сауаттылық» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

09.11.2021
BMG компаниясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 3-4 қараша аралығында «XXI ғасыр педагогикасы: функционалдық және цифрлық сауаттылық» тақырыбында шеберлік сағаты өтті

BMG компаниясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың 3-4 қараша аралығында «XXI ғасыр педагогикасы: функционалдық және цифрлық сауаттылық» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Аталған іс-шараға Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Ертіс, Аққулы, Железин, Успен, Май, Ақтоғай, Шарбақты, Павлодар аудандарының әдіскерлері мен аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысты. Шеберлік сағатында цифрлық трансформациялау жағдайында педагогтердің заманауи құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігі туралы мәселелер қаралды.

Бұл мәселе цифрлық платформаларды пайдалану тәжірибесімен бөліскен, Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген әдіскерлер мен оқытушылардың арқасында толығырақ зерттелді.

Ал ең өзекті тақырып, ол-Қазақстанда фунционалдық сауаттылық деңгейі мен оны арттыруға арналған құралдар жайлы болды. Шеберлік сағатының барлық қатысушылары интерактивті сабақтарды орындау кезінде фунционалдық сауаттылық ұғымымен, танысып, түрлі интерактивтер орындады.

Шеберлік сағатында Bilimkids, Bilimshop, Bilimustaz, Tanym, Bilimcenter жобаларының таныстырылымы жүргізілді.