Ұлттық білім беру деректер қоры

ҰБДҚ - бұл білім беру саласы бойынша алғашқы статистикалық деректер жинау және өңдеу жөніндегі бизнес-үдерістерді автоматтандыруға арналған, ЭОЖ кіші жүйесі. ҰБДҚ-да «ҚР БҒМ – білім басқармасы – білім бөлімі – білім ұйымы» тізбегі бойынша қолмен толтырылатын және жиналған, әкімшілік есептер үшін деректер жинау автоматтандырылған. 

3 сәуір күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын (бұдан әрі – ҰБДҚ 2) https://nobd.iac.kz/ іске қосты. Осы жүйе онлайн режимінде 24/7 бойы жұмыс жасайды.